2009-05-05

WINDOWS 7 RELEASE CANDIDATE!


Салем достар!
Бүгіннен бастап, Microsoft біздің назарымызға WINDOWS 7 RELEASE CANDIDATE жүйесін тестілеу үшін ТЕГІН ұсынады. Түсінгенімше - RELEASE CANDIDATE, ертен сатылатын жүйе осыған өте қатты ұқсайтын болады деген сөз. Оны бұл сілтеме арқылы табуға болады. Бұл жүйені 2010 ж. 1 шілде күніне дейін қолдануға болады. Демек, бір жылдан да ұзақ мерзім бойы. Көп ойланбай-ақ қойыңыз. (Әрине, үйдегі компьютерлер туралы айтамын) Үйткені, бір жылдан кейін Widows XP жүйесі бәрі бір қуып кетеді де, оны жаңадан орнатуға тура келеді.
Егер ағылшын тілімен мәселелер туса - жазыныздар, барынша көмек беремін.
Өзім қазір оны қотарудамын, ал осыдан бұрын таратылған WINDOWS 7 ВЕТА жүйесін екі-үш айдай қолданудамын. Маған өте қатты ұнады. Драйвер-шмайвер, мәселе-шмәселе еш тумады. Интернетке қосылып тұрса болды, өзі бәрін тауып береді. Windows Vista секілді басты ауыртып, бағдраламаларды орнаттырмайтын қылықтары жоқ.
Уақыт жоғын қарашы, көбірек жазар едім.
Қош.