2007-11-28

Іс-сапардан оралдым

Қазақ блогшыларына салем!
Шаңтөбе Іс-сапар

Мен Шаңтөбедегі іс-сапардан оралдым. Бір айдай болдым. Жоғалғаныма кешірім сұрамаймын, үйткені Шаңтөбеде интернет түгелі, байланыс - 8 - болған жоқ. Жұмысым соңдай - байланыс жоқ жерге, байланыс әкелу.
Кішкентай қалашық. Қала ортасында Ұлы Отан соғысы қаһармандарына бір памятник (қазақша қалай?) және шахтадағы еңбек қаһармандары туралы құрмет тақтасы. Қыдыруға уақыт болған жоқ, сондықтан қала туралы көп айта алмаймын. Суретке де түсірмедім. Шаңтөбенің көбісі шахтада жұмыс істейді. Радиация туралы көп естідім, бірақ көрген жоқпын.) Шынымды айтсам, іс-сапардың аяғында басым ауырып кетті. Сондықтан қаштым.) Мүмкін ауа-райы тым тез ауысқандықтан шығар.
Айтпақщы, өткен мерекелерінізбен. Менде екеулі (двойной?) мереке болды. Досым үйленді. 27 қазан күні. Оның сурттерін мен жария ете алмаймын. Менікі емес қой.
Көнілді бір күн еді. Қызық ойындар, көнілді достар, кен мейрамхана... Біздін тойдан кем болған жоқ.:-)
Мен Picasaның веб-альбомын жасаған кезде, жаңа бір опция (?) көрдім. Мүмкін бұрын да болған шығар, бұрын көрген жоқпын. Енді суреттерді қойғаннан кейін, олардын қай жерде түсірілгенін Google Map-та көрсетуге болады. Шаңтөбені картадан таба алмадым. Картаны гибридқа қойып сурет арқылы тауып алдым да, картадан көрсете салдым.

Не дейін енді, қызықты мақалалар менім ісім емес шығар, айып етпеніздер.

2007-10-17

Мен жақында Алматыға іс-сапармен баратын шығармын...

Қазақтарға салем!
Қазақ емес, бірақ қазақша түсінетіндергеде - салем!
Қазақша түсінбейтін, қазақтарғада - салем!
Кешірерсіздер - жоғалып кеттім. Енді үйстіп жасамауға тырысамын.
Біз Дана екеуіміз енді-енді тойдан еске келдік. Қайтаратын сәл-сәл несиеміз бар, одан басқасы бәрі де ойдағыдай. Көкшетауда қазір ауа-райы жақсы. Бірақ көпке ұзамайтын түрі бар. Жақында, мен техникалық қызмет көрсететін жабдықтарды шығаратын компания семинар өткізбекші. Өз сұрақтарымды супервизорға жібердім, енді тек қана ұйымдастыру сұрақтары шешілуде. Білетін шығарсыз - ен көп уақыт ұйымдастырумен байланысты, сондықтан әлі бір ай бар деп ойлаймын. Егер блогшылардын кездесуі сол уақытта болса мен де қатыссам деп едім.
P.S. Егер мәтінде қателер көрсеніз, өтінемін - айтындар. Мен бұл блогты ашқам себебтердін бірі - өз қазақшамды түзейту.

2007-08-26

Соңымен - 103!!!!!

Құрметті қонақтар, сөздер тізбегін сіздерге ұсынамын. Өкінішке орай мен тойдан бұрын бұл сөздерді көре алмадым: етпен алысып, және тағы да басқа шаруалармен жүгіріп мүлдем ұмытып кетіппім. Ұрындар мені, соғындар мені ;-)
Сынақта білгенім ше атадым, сосын, кешірерсіздер орысша сөздерін қосып жібердім. Ұрындар мені, соғындар мені!!!
1 Айым
2 Айналайын
3 Аққуым
4 Ақ тотым
5 Ақылшым
6 Аңсарым
7 Аппағым
8 Арайлым
9 Арайлап атқан таным
10 Ардағым
11 Арманым
12 Аршыным
13 Аруым
14 Асылым
15 Аяулым
16 Бұл-бұлым
17 Ән қанатым
18 Әнім
19 Әуенім
20 Байлығым
21 Барым
22 Бұлбұлым
23 Ботакөзім
24 Ботақаным
25 Гауһар тасым
26 Гәккуім
27 Гүлім
28 Гүл-бағым
29 Ғашығым
30 Елігім
31 Еркем
32 еркетотайым
33 Жайдарлым
34 Жалғызым
35 Жамалым
36 Жанарым
37 Жаным
38 Жан жолдасым
39 Жан жүрегім
40 Жарығым
41 Жарық жұлдызым
42 Жауқазыным
43 Қарлығашым
44 Кербезім
45 Көгершінім
46 Көзім
47 Күнім
48 Көзімнің қарасы
49 Көңілімнің құсы
50 Күншуағым
51 Қалқам
52 Қанатым
53 Қарағым
54 Қас-қабағым
55 Қимасым
56 Қуатым
57 Құмарым
58 Құралайым
59 Құт-берекем
60 Қымбаттым
61 Лағым
62 Маржаным
63 Махаббатым
64 Мейірбаным
65 Мөлдір бұлағым
66 Назым
67 Нәзігім
68 Өзім
69 Өркенім
70 Періштем
71 Перизатым
72 Раушан гүлім
73 Сазым
74 Салтанатым
75 Самал желім
76 Сандуғашым
77 Сая-бағым
78 Сәнім
79 Сәулем
80 Сезімім
81 Серігім
82 Сөзім
83 Сүйіктім
84 Сұлуым
85 Сымбаттым
86 Сыңарым
87 Сырласым
88 Тал шыбығым
89 Таңым
90 Тәкәппарым
91 Тілектесім
92 Үкілім
93 Үмітім
94 Ханшайымым
95 Шалқар көлім
96 Шапағатым
97 Шам-шырағым
98 Шарапатым
99 Шат-көңілім
100 Шолпаным
101 Шырайлым
102 Ырысым
103 Іңкәрім

2007-08-14

Әлі де кеш емес. Кәнікей, бәріміз жамылып, жүз қылдырайық.

Бақытгүл мен Рауанның арқасында сөздер саны 50-ден асып кетті. Енді сөз қоспастан бұрын астындағы тізімге назар аударыныздар, мүмкін ол сөз бар шығар. Кей біреуі, соңша сөзді қайтеді, бәрі бір жаттай алмайды қой десе - Мен 100 сөзді жаттай аламын. Сенбесеніздер, сосын болашақта, блогшылар жиналысында дәлелдеп беремін.
1 Айым
2 Аққуым
3 Ақылшым
4 Аппағым
5 Арайлым
6 Арайлап атқан таным
7 Ардағым
8 Арманым
9 Аршыным
10 Аруым
11 Асылым
12 Аяулым
13 Бұл-бұлым
14 Ән қанатым
15 Әнім
16 Әуенім
17 Байлығым
18 Барым
19 Бұлбұлым
20 Ботакөзім
21 Ботақаным
22 Гәккуім
23 Гүлім
24 Ғашығым
25 Еркем
26 Жайдарлым
27 Жамалым
28 Жаным
29 Жан жүрегім
30 Жарығым
31 Жарық жұлдызым
32 Жауқазыным
33 Қарлығашым
34 Кербезім
35 Көгершінім
36 Көзім
37 Күнім
38 Көзімнің қарасы
39 Қанатым
40 Қарағым
41 Қас-қабағым
42 Қуатым
43 Құмарым
44 Құралайым
45 Қымбаттым
46 Лағым
47 Махаббатым
48 Назым
49 Нәзігім
50 Өзім
51 Періштем
52 Раушан гүлім
53 Сазым
54 Салтанатым
55 Сандуғашым
56 Сәнім
57 Сәулем
58 Сезімім
59 Серігім
60 Сөзім
61 Сүйіктім
62 Сұлуым
63 Сырласым
64 Таңым
65 Үкілім
66 Үмітім
67 Ханшайымым
68 Шапағатым
69 Шам-шырағым
70 Шарапатым
71 Шолпаным
72 Шырайлым
73 Іңкәрім

Көмектесіндер!!!

Қай елден бұл ойын келгенін білмеймін, бірақ келіннін үйіне кірместен бұрын әр сатыдан аттаған сайын келінді қалайша атайтытыныңды айту керек. Форумдарды аралауға уақыт жоқ, той осы сенбіде болады, ал келін қабатты ғимаратта емес, жер үйде тұрады. Сатының орнына әр қадам сайын айту керек, түсінгенімше жүз қадамдай тосып тұр мені.)
Сіздердін көмектерінізбен құдаларды танғалдырығым келіп тұр.
КӨМЕКТЕСІНДЕР!!! - Жаным, айым, күнім, аспандағы жұлдызым, жерде жүрген құндызым, асылым, қымбаттым, сүйіктім, аяулым, жан-жүрегім...
ТАҒЫ 90 СӨЗ КЕРЕК!!!!
Айттым қой, қазақшам оңша емес деп.)
P.S. Мен қазір Көкшетау қаласында тұрамын, мұнда қазақ тілі мүлдем дамымаған, қаракөздер көгеріп барады, сондықтан бөтен тілде - милая, родная... деп сайрамай өз тілімде де жүздеген әдемі сөздер бар екенін көрсеткім келеді.

2007-08-09

Тойға дайындалудамын...

Кешірініздер құрметті қонақтар. Жаңа ақпаратпен толықтыруға уақыт қалмай қалды. Себебі: мен осы сенбі күні үйленемін! Тойға қатты-қатты дайындалып жатырмын.) Әзірше Дана екеуімізді суреттерден көре берініздер.
Дана

2007-07-17


Егіндібұлақ (Бұл сурет "Google Earth" бағдарламасы арқылы жасалған. Өкінішке орай, анық емес. Арт жағындағы Қу таулары негізі бұдан да әдемі. Құдай қаласа, өзім бір күні сол жаққа барып суретке түсіремін.)