I Am Legend
Мен Анызбын
"Менің атым Зермарден. Мен Көкшетау қаласында тірі қалған жалғыз адаммын. Әр күн сайын мен Қопаның жағасына келіп 12-де бір сағат бойы орташа толқындарда бұл хабарды таратамын. Егер Біреу мені естіп тұрса - Менде үй, тағам, қару бар. Егер Біреу мені естісе... Кім болсын... Өтінемін... сіз жалғыз емессіз "
Мен кинодан шыққанда, бұл жағдайды елестеткенімде... ууфф, қорқынышты! Құдай сақтасын!
Шын мәнінде фильмнің бас кейіпкері әрине Зермарден емес - Роберт Невилл (Уилл Смит).
Фильмнің 85 пайызында Уилл Смит жалғыз ойнайды. Керемет актер. Жоқ, керемет емес, КЕРЕМЕТ!!!! Сөз жетпейді. Шыңымен - Аныз!
Ал енді, сәл өзіме келейін... фильмнің тақырыбына оралайық.
2012 жыл.
Нью-Йорк қаласы. Бүкіл халық қырылған. Немесе, не өлі, не тірі емес, қаранғыда тығылып жүр. Бәріне себепкер - вирус. Жаман, зиянды, өте жылдам әсер ететін, адамды адам емес қылатын вирус. Ен қорқыныштысы - вирусты ғалымдар әдейі өсіріп Рак ауруын емдеу үшін адамдарға жұқтырған...
Адам еместер көп. Өте көп. Оларға қарсы кім? Дұрыс - Уилл Смит.. жоқ, кешірініз - Роберт Невилл. Роберт Невилл - дәрігер, зерттеуші ғалым. Ол вирусқа қарсы ем іздеуде. Жалғыз серігі - оның иті. Жалғыз досы... Жаулар саны - шексіз... Күннен күнге ақылдануда.
Тағы бір жауы - жалғыздық. Жалғыздыққа қарсы күреске режиссер көп көніл бөлген. Денсаулығы вирусқа қарсы шыдамады - Роберт Невилдін жалғыздықпен шайқасы кейде күлкілі (манекендермен әнгімелескен кезде), фильмнің көп уақытында - аянышты. Өз досына берген үәдесін орындаған кезде әйелім жылай жаздады...
Осы оқиғалар басқа симайтын аландарда болуда. БОП-БОС, ағаш-мағаш басып кеткен, андарға толы, тартымды Нью-Йорк көшелері. Әйелім, тан ғалып: "Кино түсіргенде, адамдарды сәл үйде отыра тұрып, далаға шықпауын сұраған шығар. Бұны, жүзеге асыру қиын болған шығар", - дегенде, оған бұл жай қана декорациялармен компьютерлік эффект екенін түсіндіргім келмеді. Білмей-ақ қойсын, деп ойладым - киноның ғажап сиқырын жойғым келмеді.
Сонымен, фильм басынан соңына дейін әдемі түсірлген, қызықты хиқая. Хиқая емес - АНЫЗ!
Егер фильмді көрмеген болсаныз, көрініздер, уақытынызды бекер кетірмейсіз.
Мен Роберт Невиллдін орнында не істер едім? Алжып кетуші едім... Жалғыз мен емес. Ал ол алжымады, нағыз қаһармандай өз шайқасын тоқтатпай, өз мақсатына жетті. Шың мәнінде осындай болса, қазақ болмаса да - бас иер едім...