2007-08-14

Әлі де кеш емес. Кәнікей, бәріміз жамылып, жүз қылдырайық.

Бақытгүл мен Рауанның арқасында сөздер саны 50-ден асып кетті. Енді сөз қоспастан бұрын астындағы тізімге назар аударыныздар, мүмкін ол сөз бар шығар. Кей біреуі, соңша сөзді қайтеді, бәрі бір жаттай алмайды қой десе - Мен 100 сөзді жаттай аламын. Сенбесеніздер, сосын болашақта, блогшылар жиналысында дәлелдеп беремін.
1 Айым
2 Аққуым
3 Ақылшым
4 Аппағым
5 Арайлым
6 Арайлап атқан таным
7 Ардағым
8 Арманым
9 Аршыным
10 Аруым
11 Асылым
12 Аяулым
13 Бұл-бұлым
14 Ән қанатым
15 Әнім
16 Әуенім
17 Байлығым
18 Барым
19 Бұлбұлым
20 Ботакөзім
21 Ботақаным
22 Гәккуім
23 Гүлім
24 Ғашығым
25 Еркем
26 Жайдарлым
27 Жамалым
28 Жаным
29 Жан жүрегім
30 Жарығым
31 Жарық жұлдызым
32 Жауқазыным
33 Қарлығашым
34 Кербезім
35 Көгершінім
36 Көзім
37 Күнім
38 Көзімнің қарасы
39 Қанатым
40 Қарағым
41 Қас-қабағым
42 Қуатым
43 Құмарым
44 Құралайым
45 Қымбаттым
46 Лағым
47 Махаббатым
48 Назым
49 Нәзігім
50 Өзім
51 Періштем
52 Раушан гүлім
53 Сазым
54 Салтанатым
55 Сандуғашым
56 Сәнім
57 Сәулем
58 Сезімім
59 Серігім
60 Сөзім
61 Сүйіктім
62 Сұлуым
63 Сырласым
64 Таңым
65 Үкілім
66 Үмітім
67 Ханшайымым
68 Шапағатым
69 Шам-шырағым
70 Шарапатым
71 Шолпаным
72 Шырайлым
73 Іңкәрім

11 комментариев:

Bakytgul комментирует...

Тағы да:
арайлап атқан таңым, ақ маңдайлым, аруым, бұлбұлым, жауқазыным, жайдарлым, кербезім, құмарым, нәзігім, сандуғашым

PS:
Блогтағы қазақша әріптерің көрінбейді. Саған айтарым New Post-қа кір, сонда Templete бар. Оның ішінде Font and Colors-ты таңда. Сол жағындағы терезеде төмен қарай түссең, Text Font, Page Header Font, Post Title Font, Sidebar Title Font бар. Солардың біреуін бас, сонда Choose a font for Post деп шығады. Times-ті таңдасаң барлық қазақша әріптер дұрыс көрінеді.

Асхат Еркімбай комментирует...

Дәл қазір екеуі есіме түсіп тұр: Сандуғашым, Қарлығашым!

P.S. Менде барлық қазақ әріптері дұрыс көрініп тұр :)

Зермарден комментирует...

Бақытгүл, Асхат тағы да рахмет!
Енді 23 сөз қалды.) Бақытгүл мен фонттарды сосын қарастырамын, жарай ма? Көп жазуға уақыт жоқ. Хош

Зермарден комментирует...

Бақытгүл - жауқазыным, жайдарлым, кербезім, - түсіндіріп берсен бұл сөздердін мағынасын, риза боламын.

Bakytgul комментирует...

мағыналары:
жауқазын - 1)гүлдің атауы; 2)жас өспірім, балғын, балауса, жас

жайдарлы - жарқын жүзді, ақ көңіл, ашық, мейірімді;
орысшасы -веселый, приветливый

кербез - сұлу, сәнқой, сұлу қыз, сұлу қимыл

Bakytgul комментирует...

Ақ тотым, гүл-бағым, гауһар тасым, көңілімнің құсы, күншуағым, қалқам, қимасым, құралайым, құт-берекем, маржаным, мөлдір бұлағым, мейірбаным, өркенім, перизатым, сая-бағым, самал желім, сымбаттым, сыңарым, тал шыбығым, тәкәппарым, тілектесім, ырысым, шалқар көлім, шат-көңілім,

Әділ комментирует...

Жанарым, Аңсарым, Елігім, Жан жолдасым

Unknown комментирует...

jalgyzym, suikimdim degen sozder tusip tur

Ray of sunshine комментирует...

Barekeldi men osyndai sozder aitylatynyn bilmeptim. Menin biletinderim janim, kunim, aiym, erkem!~

arailap at ak tanym :)

Unknown комментирует...

Ақұдай, айналайын, алтыным, ақылшым, еркетотайым, періштем ....
Тағы есіме түскен кезде жазармын ;-)

Зермарден комментирует...

Барлықтарына Рахмет!!!
Соңымен 103 сөз болып шықты! Барекелді!
Алақай!!!