2007-08-26

Соңымен - 103!!!!!

Құрметті қонақтар, сөздер тізбегін сіздерге ұсынамын. Өкінішке орай мен тойдан бұрын бұл сөздерді көре алмадым: етпен алысып, және тағы да басқа шаруалармен жүгіріп мүлдем ұмытып кетіппім. Ұрындар мені, соғындар мені ;-)
Сынақта білгенім ше атадым, сосын, кешірерсіздер орысша сөздерін қосып жібердім. Ұрындар мені, соғындар мені!!!
1 Айым
2 Айналайын
3 Аққуым
4 Ақ тотым
5 Ақылшым
6 Аңсарым
7 Аппағым
8 Арайлым
9 Арайлап атқан таным
10 Ардағым
11 Арманым
12 Аршыным
13 Аруым
14 Асылым
15 Аяулым
16 Бұл-бұлым
17 Ән қанатым
18 Әнім
19 Әуенім
20 Байлығым
21 Барым
22 Бұлбұлым
23 Ботакөзім
24 Ботақаным
25 Гауһар тасым
26 Гәккуім
27 Гүлім
28 Гүл-бағым
29 Ғашығым
30 Елігім
31 Еркем
32 еркетотайым
33 Жайдарлым
34 Жалғызым
35 Жамалым
36 Жанарым
37 Жаным
38 Жан жолдасым
39 Жан жүрегім
40 Жарығым
41 Жарық жұлдызым
42 Жауқазыным
43 Қарлығашым
44 Кербезім
45 Көгершінім
46 Көзім
47 Күнім
48 Көзімнің қарасы
49 Көңілімнің құсы
50 Күншуағым
51 Қалқам
52 Қанатым
53 Қарағым
54 Қас-қабағым
55 Қимасым
56 Қуатым
57 Құмарым
58 Құралайым
59 Құт-берекем
60 Қымбаттым
61 Лағым
62 Маржаным
63 Махаббатым
64 Мейірбаным
65 Мөлдір бұлағым
66 Назым
67 Нәзігім
68 Өзім
69 Өркенім
70 Періштем
71 Перизатым
72 Раушан гүлім
73 Сазым
74 Салтанатым
75 Самал желім
76 Сандуғашым
77 Сая-бағым
78 Сәнім
79 Сәулем
80 Сезімім
81 Серігім
82 Сөзім
83 Сүйіктім
84 Сұлуым
85 Сымбаттым
86 Сыңарым
87 Сырласым
88 Тал шыбығым
89 Таңым
90 Тәкәппарым
91 Тілектесім
92 Үкілім
93 Үмітім
94 Ханшайымым
95 Шалқар көлім
96 Шапағатым
97 Шам-шырағым
98 Шарапатым
99 Шат-көңілім
100 Шолпаным
101 Шырайлым
102 Ырысым
103 Іңкәрім

2007-08-14

Әлі де кеш емес. Кәнікей, бәріміз жамылып, жүз қылдырайық.

Бақытгүл мен Рауанның арқасында сөздер саны 50-ден асып кетті. Енді сөз қоспастан бұрын астындағы тізімге назар аударыныздар, мүмкін ол сөз бар шығар. Кей біреуі, соңша сөзді қайтеді, бәрі бір жаттай алмайды қой десе - Мен 100 сөзді жаттай аламын. Сенбесеніздер, сосын болашақта, блогшылар жиналысында дәлелдеп беремін.
1 Айым
2 Аққуым
3 Ақылшым
4 Аппағым
5 Арайлым
6 Арайлап атқан таным
7 Ардағым
8 Арманым
9 Аршыным
10 Аруым
11 Асылым
12 Аяулым
13 Бұл-бұлым
14 Ән қанатым
15 Әнім
16 Әуенім
17 Байлығым
18 Барым
19 Бұлбұлым
20 Ботакөзім
21 Ботақаным
22 Гәккуім
23 Гүлім
24 Ғашығым
25 Еркем
26 Жайдарлым
27 Жамалым
28 Жаным
29 Жан жүрегім
30 Жарығым
31 Жарық жұлдызым
32 Жауқазыным
33 Қарлығашым
34 Кербезім
35 Көгершінім
36 Көзім
37 Күнім
38 Көзімнің қарасы
39 Қанатым
40 Қарағым
41 Қас-қабағым
42 Қуатым
43 Құмарым
44 Құралайым
45 Қымбаттым
46 Лағым
47 Махаббатым
48 Назым
49 Нәзігім
50 Өзім
51 Періштем
52 Раушан гүлім
53 Сазым
54 Салтанатым
55 Сандуғашым
56 Сәнім
57 Сәулем
58 Сезімім
59 Серігім
60 Сөзім
61 Сүйіктім
62 Сұлуым
63 Сырласым
64 Таңым
65 Үкілім
66 Үмітім
67 Ханшайымым
68 Шапағатым
69 Шам-шырағым
70 Шарапатым
71 Шолпаным
72 Шырайлым
73 Іңкәрім

Көмектесіндер!!!

Қай елден бұл ойын келгенін білмеймін, бірақ келіннін үйіне кірместен бұрын әр сатыдан аттаған сайын келінді қалайша атайтытыныңды айту керек. Форумдарды аралауға уақыт жоқ, той осы сенбіде болады, ал келін қабатты ғимаратта емес, жер үйде тұрады. Сатының орнына әр қадам сайын айту керек, түсінгенімше жүз қадамдай тосып тұр мені.)
Сіздердін көмектерінізбен құдаларды танғалдырығым келіп тұр.
КӨМЕКТЕСІНДЕР!!! - Жаным, айым, күнім, аспандағы жұлдызым, жерде жүрген құндызым, асылым, қымбаттым, сүйіктім, аяулым, жан-жүрегім...
ТАҒЫ 90 СӨЗ КЕРЕК!!!!
Айттым қой, қазақшам оңша емес деп.)
P.S. Мен қазір Көкшетау қаласында тұрамын, мұнда қазақ тілі мүлдем дамымаған, қаракөздер көгеріп барады, сондықтан бөтен тілде - милая, родная... деп сайрамай өз тілімде де жүздеген әдемі сөздер бар екенін көрсеткім келеді.

2007-08-09

Тойға дайындалудамын...

Кешірініздер құрметті қонақтар. Жаңа ақпаратпен толықтыруға уақыт қалмай қалды. Себебі: мен осы сенбі күні үйленемін! Тойға қатты-қатты дайындалып жатырмын.) Әзірше Дана екеуімізді суреттерден көре берініздер.
Дана