2007-11-28

Іс-сапардан оралдым

Қазақ блогшыларына салем!
Шаңтөбе Іс-сапар

Мен Шаңтөбедегі іс-сапардан оралдым. Бір айдай болдым. Жоғалғаныма кешірім сұрамаймын, үйткені Шаңтөбеде интернет түгелі, байланыс - 8 - болған жоқ. Жұмысым соңдай - байланыс жоқ жерге, байланыс әкелу.
Кішкентай қалашық. Қала ортасында Ұлы Отан соғысы қаһармандарына бір памятник (қазақша қалай?) және шахтадағы еңбек қаһармандары туралы құрмет тақтасы. Қыдыруға уақыт болған жоқ, сондықтан қала туралы көп айта алмаймын. Суретке де түсірмедім. Шаңтөбенің көбісі шахтада жұмыс істейді. Радиация туралы көп естідім, бірақ көрген жоқпын.) Шынымды айтсам, іс-сапардың аяғында басым ауырып кетті. Сондықтан қаштым.) Мүмкін ауа-райы тым тез ауысқандықтан шығар.
Айтпақщы, өткен мерекелерінізбен. Менде екеулі (двойной?) мереке болды. Досым үйленді. 27 қазан күні. Оның сурттерін мен жария ете алмаймын. Менікі емес қой.
Көнілді бір күн еді. Қызық ойындар, көнілді достар, кен мейрамхана... Біздін тойдан кем болған жоқ.:-)
Мен Picasaның веб-альбомын жасаған кезде, жаңа бір опция (?) көрдім. Мүмкін бұрын да болған шығар, бұрын көрген жоқпын. Енді суреттерді қойғаннан кейін, олардын қай жерде түсірілгенін Google Map-та көрсетуге болады. Шаңтөбені картадан таба алмадым. Картаны гибридқа қойып сурет арқылы тауып алдым да, картадан көрсете салдым.

Не дейін енді, қызықты мақалалар менім ісім емес шығар, айып етпеніздер.