2008-02-06

ЕКІ ЖАҢАЛЫҚ

Салем қазақ блоггерлер!
Бұл жазуда бір-неше сұрақ бар, оқығандар жауап берсе...
Бірінші жаңалық!
Мен үйге компьютер сатып алдым! Естерінізде болса, өткен жазда мен үйлендім. Үлкен үйден бөлек шыққан сон, компьютерсіз қалдым (компьютер інілерімнің қолында қалды). Содан кейін, жарты жылдай қиналып, әйелім екеуіміз ақша жинап жүрдік. Компьютер сатып алынатын нәрселердін тізімінде ен соңында еді. Әйтеуір (дұрыс жаздым ба?) , компьютердін де үақыты келді! Әзірше интернетке қосылған жоқпын, жұмыстан қана мүмкіншілік бар (бастық көрмей тұрғанда). Наурыз айында қосыламын деген үміттемін. Мегалайн аман болсын. :-) Үйдегі телефонымды Мегалайнға қосқаннан кейін тағыда жоғалатын болсам – маған кешірім жоқ.
Екінші жаңалық!
Жұмыстағы Widows жүйесін қазақшаға аудардым. Өте қызық! Еш естімеген сөздер толып жатыр. Қайта қотару, пернетақта (клавиатураның қазақшасы қалай деп еш ойланбаптым), тінтүір (неге?), қалта (бұл сөзді білемін, бірақ папка сөзін үйстіп аударуға болатының білмедім), өзреттегіш (мұндай сөз бұрыннан бар ма?), жалпы маған қызық сөздер көп. Кім аударғанын білмеймін, бірақ оларға өте ризамын. Менімен жұмыс істейтін қазақ еместер таң қалады, бұл дұрыс іс деп келіседі.
Не жазайын? Білмеймін. Мүмкін, осы жақын арада, көрген көркем фильмдердін мазмұндарын жаза бастайтын шығармын. Менің субъективті рецензияларымды. :-)
Аман болындар!

5 комментариев:

Асхат Еркімбай комментирует...

Қуанышыңа ортақпын! Жақсы жазасың ғой. Неменеге именетініңді түсінбеймін :)
Блогыңды жақсылап түрлендіріпсің. Жарайсың!!!

Arsik777 комментирует...

Сәлеметсіз бе. Сіздің блогыңызға бұрын кіретінмін, бірақ жаңа жазбалар жоқтың, блогыңызды тастап кетпегеніңізге ризамын. Қазақ блогшылар арасында киноға рецензия жазатын болсаңыз тіпті жақсы. меніңше, объективті рецензия болмайды, болмауы да керек. сәттілік тілеймін.

Zermarden комментирует...

Рахмет Асхат!
Рахмет Арсен(?)!

massagan комментирует...

Kushti dosym imenbe!

Асхат Еркімбай комментирует...

Сәлем!
Үйіңе компьютер алып, Мегалайнға қосылған соң, блогыңнан қызықты жазбалар жиі көрінер деп ойлап едім. Тәп тәуір жазуың бар. Ара тұра блогыңа кіріп тұрамын.
Көп уақыт өтті. Блогқа жазу жазуға уақытың болмай жүр ғой деймін. Не жаңалық бар?