2007-08-26

Соңымен - 103!!!!!

Құрметті қонақтар, сөздер тізбегін сіздерге ұсынамын. Өкінішке орай мен тойдан бұрын бұл сөздерді көре алмадым: етпен алысып, және тағы да басқа шаруалармен жүгіріп мүлдем ұмытып кетіппім. Ұрындар мені, соғындар мені ;-)
Сынақта білгенім ше атадым, сосын, кешірерсіздер орысша сөздерін қосып жібердім. Ұрындар мені, соғындар мені!!!
1 Айым
2 Айналайын
3 Аққуым
4 Ақ тотым
5 Ақылшым
6 Аңсарым
7 Аппағым
8 Арайлым
9 Арайлап атқан таным
10 Ардағым
11 Арманым
12 Аршыным
13 Аруым
14 Асылым
15 Аяулым
16 Бұл-бұлым
17 Ән қанатым
18 Әнім
19 Әуенім
20 Байлығым
21 Барым
22 Бұлбұлым
23 Ботакөзім
24 Ботақаным
25 Гауһар тасым
26 Гәккуім
27 Гүлім
28 Гүл-бағым
29 Ғашығым
30 Елігім
31 Еркем
32 еркетотайым
33 Жайдарлым
34 Жалғызым
35 Жамалым
36 Жанарым
37 Жаным
38 Жан жолдасым
39 Жан жүрегім
40 Жарығым
41 Жарық жұлдызым
42 Жауқазыным
43 Қарлығашым
44 Кербезім
45 Көгершінім
46 Көзім
47 Күнім
48 Көзімнің қарасы
49 Көңілімнің құсы
50 Күншуағым
51 Қалқам
52 Қанатым
53 Қарағым
54 Қас-қабағым
55 Қимасым
56 Қуатым
57 Құмарым
58 Құралайым
59 Құт-берекем
60 Қымбаттым
61 Лағым
62 Маржаным
63 Махаббатым
64 Мейірбаным
65 Мөлдір бұлағым
66 Назым
67 Нәзігім
68 Өзім
69 Өркенім
70 Періштем
71 Перизатым
72 Раушан гүлім
73 Сазым
74 Салтанатым
75 Самал желім
76 Сандуғашым
77 Сая-бағым
78 Сәнім
79 Сәулем
80 Сезімім
81 Серігім
82 Сөзім
83 Сүйіктім
84 Сұлуым
85 Сымбаттым
86 Сыңарым
87 Сырласым
88 Тал шыбығым
89 Таңым
90 Тәкәппарым
91 Тілектесім
92 Үкілім
93 Үмітім
94 Ханшайымым
95 Шалқар көлім
96 Шапағатым
97 Шам-шырағым
98 Шарапатым
99 Шат-көңілім
100 Шолпаным
101 Шырайлым
102 Ырысым
103 Іңкәрім

3 комментария:

Асхат Еркімбай комментирует...

Жеңгеміз осы сөздердің бәрін естігенде бақыттан басы айналған болар...
Жарайсың, Зермарден!
Сендей азаматты ұрып, соғып не көрініпті. :) Енді балаларыңның Сені - "әке", ал жұбайыңды - "ана" деп атап, қазақы рухта тәрбиелеуіне күш саларсың. Аллаһ Сендерге иманды ұрпақты нәсіп етсін.

technosyndrom комментирует...

Жарайсың! Мықты-мықты! Келіншегіңіз енді мәңгі сендік болды деп ойлай бер! Бақыттан басы айналып, дәл сол жерде құлап қалған болуы да ықтимал :)))

Асхат Еркімбай комментирует...

Зәке, көрінбей кеттіңіз ғой? Балқантауда не жаңалықтар болып жатыр?